Еңбек инспекторлары 31 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Жарияланды
174,3 миллион теңге сомаға айыппұл салынды

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1184 кәсіпорнында 31 мың жұмыскер алдында 4,2 миллард теңгеден астам жалақы бойынша берешек бар екенін анықтады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 790 нұсқама беріліп, 106,4 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.  

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 31 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 4,2 млрд теңге төленді.    

Жалпы, өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,9 мың тексеру жүргізді. ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 6,1 мыңнан астам фактісі анықталып, 174,3 миллион теңге сомаға айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыз