ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «SOS» балалар үйінің тәрбиеленушілерін жүзуге үйретеді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бастамасымен Министрлік балалар үйінің тәрбиеленушілерін тегін түрде жүзуге үйретпек. 2021 жылдың 9 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қалалық №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде және №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде балаларға арналған экскурсия өтеді. Онда балалар өрт сөндіру техникаларымен танысып, өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер командаларының өнерін тамашалайды.
Алдағы уақытта балалар үйінің тәрбиеленушілері тұрақты түрде №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміндегі «Құтқарушы» спорт кешеніндегі бассейн үйірмесіне қатысады.