ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Дауыс беру Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» концерт залының ғимаратында орналасқан №138 сайлау учаскесінде өтті.
ҚР Премьер-Министрі сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып өзінің азаматтық борышын орындауға келді.
Сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылды, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.