Індетпен ауырғандардың 44 пайызы қоғамдық орында жұқтырған
COVID-19 сырқаттанғандардың 44%-ы індетті қоғамдық орындарда (сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілері, базарлар) жұқтырған, ал 28% отбасы мүшелерінен жұқтырған. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Соңғы аптада отбасы мүшелерінен жұқтыру жағдайларының үлес салмағы 7,1% – ға төмендеген.
Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы covid-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай қауырт күйінде қалып отыр – эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес қала шектеу шараларын бақылауды күшейтуді көздейтін «сары аймақта» қалып отыр.
⠀
Соңғы тәулікте КВИ-дің 135 жағдайы тіркелді. Алматы қаласында сырқаттанушылықтың өсуі қазан айында басталған, КВИ жағдайларын тіркелуі 3 айда 14 есеге ұлғайды: қыркүйек айында – 165 жағдай, қазан айында – 366 жағдай (2,2 есе), қараша айында– 1399 жағдай (3,8 есе); желтоқсан – 2 256 жағдай (1,6 есе өсті). Қаңтар айының 6 күнінде КВИ-дің 600-ден астам жағдайы тіркелді.
⠀
Соңғы 14 күнде індетті жұқтырғандар арасында 20-39 жас аралығындағы азаматтар 35%, 40-59 жас аралығында 33% құраған, бұл шектеу шараларын бұзумен және бетперде режимін сақтамаумен байланысты орын алған.
⠀