Ресурстар

Атырауда Сайлау есімді қыз дүниеге келді

Жас ана қуанышын ел өміріндегі осы ерекше оқиғамен байланыстыруды ұйғарды

Сайлау күнінің бірінші жартысында Атырау облысында 12 бала дүниеге келді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Бұл туралы «Прикаспийская коммуна» хабарлайды. 

Бұл 5 ұл және 7 қыз. Дәрігерлердің айтуынша, аналар мен олардың сәбилерінің жағдайы жақсы. Жас аналардың бірі, Атырау облысының тұрғыны Шынар Төлеушова сәбидің дүниеге келу қуанышын ел өміріндегі осы ерекше оқиғамен байланыстыруды ұйғарды.

 «Біздің отбасымызда балаларға мағыналы ерекше есімдер беру әдетке айналған. Мысалы, үшінші қызымызды Құралай деп атадық, ол көктемгі «құралай» кезінде дүниеге келген. Бұл екі-үш күн қатты жаңбыр жауып, жел соғатын кез. Бүгін сайлау күні дүниеге келген төртінші қызымызға осы маңызды сәтпен байланыстырып есім қойғанда тіпті күмән болған жоқ», – деді жас ана.