Елордада сайлау күні 69 нәресте дүниеге келді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау күні Нұр-Сұлтанда 69 бала дүние есігін ашты.
Оның ішінде 34-і — қыз бала, ал қалған 35-і — ұл бала. Көпбейінді қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарының деректеріне сәйкес ақпарат ұсынылып отыр.