Қырғызстандағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен Садыр Жапаровтың жақтастары Бішкектің орталығы Ала-Тоо алаңына жиналды, деп хабарлайды РИА Новости.
Алаңды полиция қоршады, олардың заттары тексерілгеннен кейін ғана кіруге рұқсат берілді. Алаңның ортасындағы сахнада «Садыр – президент» деген жалаушасы бар. Осындай ұрандарды қатысушылардың кейбірінің бас киімдерінен де, алаңның жанында тұрған көліктерден де көруге болады.
10 қаңтарда Қырғызстанда президент сайлауы және республикадағы басқару нысанын анықтау үшін референдум өтті. Президенттік сайлауда 98% сайлау учаскелерінің мәліметтері бойынша Садыр Жапаров 79,2% дауысқа ие болып көш бастап тұр. Сондай-ақ, бюллетеньдердің 97% өңделгеннен кейінгі автоматты жәшіктерден алынған алдын-ала мәліметтер бойынша, қырғызстандықтардың 80% -дан астамы парламенттікке қарағанда президенттік басқару формасын артық көрді.