Сайлау – 2021: Мәжіліске Nur Otan, «Ақжол» және Қазақстан халық партиясы өтті
Парламент мәжілісіне Nur Otan партиясы – 76, «Ақ жол» партиясы – 12, Қазақстан Халық партиясы (бұрынғы коммунистік партия) 10 мандат алды. Сонымен қатар Қазақстан халқы ассамблеясына 9 мандат бөлінеді.
Бүгін орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы нәтижесін жариялады.
«Орталық сайлау комиссиясы нәтижені анықтауға қажет бүкіл хаттамаларды алды. Аймақтық сайлау комиссияларының хаттасынасәйкес, сайлаушылар саны – 11 919 241 адам. Бюллетень алғандар – 7 539 280 адам немесе сайлаушылардың 63,25%-ы. Саяси партияларға 7 241 562 дауыс берілді» деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Бұл сайлауда Nur Otan партиясы 71,09 пайыз дауыс жинаса, «Ақ жол» партиясы 10,95 пайыз дауыс иеленген. Сайлауға қатысқандардың 9,10 пайызы Қазақтан Халық партиясына дауыс беріпті. «Ауыл» партиясы – 5,29 пайыз, ADAL партиясы – 3,57 пайыз дауыс жинаған.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қ.Тоқаев мәжіліс сайлауынан кейін ел кіметі отставкаға кетуі тиіс деп мәлімдеген еді. Президент 15 қаңтар күні мәжіліске үндеу жолдайды.