Шымкент қаласының тұрғыны «покер» ойынын заңсыз ұйымдастырғаны үшін сотталды
Шымкент қаласының тұрғыны «покер» ойынын заңсыз ұйымдастырғаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың тағы бір дерегін анықтады.
Атап айтқанда, қала тұрғыны Шымкент қаласы 4-ші шағын ауданында пәтерді жалға алып, аталған пәтерде заңсыз «покер» құмар ойынын ұйымдастырған.
Заңсыз ойын ойнауға арналған #ойын үстелі, фишкалар, колода карталарын және #диллер тастарын алып, өзінің таныстарына «покер» құмар ойынын ойнатып, ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз іске асырған.
Шымкент қаласының Абай аудандық сотының үкімімен қала тұрғыны ҚР ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 200 #АЕК мөлшерде айыппұл салу жазасы тағайындалған.
Тәркіленіп алынған 3 покер ойынына арналған полотно, 1 бейне тіркегіш, 1400 астам казино фишкалары, 5 колода ойын карталары – мемлекет кірісіне айналдырылды, ал 2 дана диллер тасы, 3 дана суреттер салынған мөртаңбалар және әр түрлі сандар жазылған қағаздар жойылған.