Жекешелендіру аясында 101 миллиард теңгеге 12 нысан сатылды

Жарияланды
55 нысан жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған жаңа жоспарына енгізілді

2020 жылы жекешелендіру аясында 101 млрд теңге сомасында 12 нысан сатылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің Telegram арнасы.

   «2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары толығымен орындалды. Былтыр 76 нысанды сату жоспарланған болатын. Есепті жылы 101 млрд теңге сомасында 12 нысан сатылды. 7 нысан қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді», – деді ол.

Министрдің айтуынша, 55 нысан жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған жаңа жоспарына енгізілді.

  «2 нысан Жекешелендірудің кешенді жоспарынан алынып тасталды», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Сондай-ақ оқыңыз