2020 жылы жекешелендіру аясында 101 млрд теңге сомасында 12 нысан сатылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің Telegram арнасы.
«2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары толығымен орындалды. Былтыр 76 нысанды сату жоспарланған болатын. Есепті жылы 101 млрд теңге сомасында 12 нысан сатылды. 7 нысан қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді», – деді ол.
Министрдің айтуынша, 55 нысан жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған жаңа жоспарына енгізілді.
«2 нысан Жекешелендірудің кешенді жоспарынан алынып тасталды», – деді Ерұлан Жамаубаев.