Спортшылар мәслихат депутаты атанды

Жарияланды (жаңартылды )
Алматы қалалық мәслихаты депутаттарының тізімі жарияланды

Nur Otan партиясы Алматы қалалық мәслихатының депутаты атанар азаматтардың тізімін бекітті. Олардың қатарында есімдері елге етене таныс спорт саласының өкілдері мен кәсіпкерлер бар. 

Мәселен, бокстан Олимпиада чемпионы, «Бокстан олимпиадаға даярлау орталығы» РМКК-ның директоры Ермахан Ибраимов – енді депутат. Сол сияқты шахматшы, халықаралық спорт шебері және әйелдер арасындағы гроссмейстер Жансая Әбдімәлік те депутаттық мандатқа ие болды. Тізімде параолимпиадашы, волейболдан ҚР жастар құрамасының бұрынғы капитаны Серік Есматовтың есімі бар. 

Белгілі кәсіпкерлер, инвестициялық холдинг директоры Қайрат Құдайберген мен медиа саласындағы бизнесмен Арманжан Байтасов депутаттар қатарына ілікті. 

Сонымен қатар, «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова, «Алматы ақшамы» газетінің редакторы Қали Сәрсенбай, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев және тағы басқа білім, денсаулық, бизнес саласының өкілдері Алматы қалалық мәслихатының депутаты қызметін атқаратын болды. 
 

Сондай-ақ оқыңыз