Тоқаев Қазақстанға қандай реформалар қажет екенін айтты
Сапалы заңнама негізінде жүргізілген реформа – көп жылдық табыс негізі. Бұл жөнінде жетінші рет шақырылған Парламенттің 1-сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Ол жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттары осы үдеден шығарына сенім білдірді.
«Сот жүйесі ашық болуы керек. Сондықтан сот жүйесін айтарлықтай жаңғыртып, құқық түрлі салаларына білікті мамандарды тарту қажет. Кандидаттарды іріктеу кезінде олардың кәсіби тәжірибесін ғана емес, олардың тұлғалық қасиеттерін де ескеру қажет» деді ол.
Сондай-ақ, Тоқаев отандық денсаулық сақтау саласын демыту маңызды екенін атап өтті.
«Бұл мәселенің өте өзекті екені пандемия кезінде анық байқалды. Денсаулық сақтау саласы пациентерге бет бұрып, олардың денсаулығын мен өмірін бәрінен жоғары қоюы керек» деді мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұған дейінгі 5 жылда Парламент қабырғасында 410 заң қабылдаған. Депутаттар заңға бастамашылық ету құқығын толық пайдаланып, 60-қа жуық заң жобасын дайындапты.
29 қаңтарда реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің отырысында мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін, ел дамуының 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспарын, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың жаңа тұжырымдамасын қабылдау жоспарланған.
Сонымен қатар мемлекет басшысы азаматтардың таңдау еркіндігін қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.
«Біздің басты мақсатымыздың бірі – адам құқықтарын толық қорғау. Бұл ретте, азаматтардың таңдау еркіндігін барынша қамтамасыз ету өте маңызды. Әлемдік тәжірибеде адамның қандай да бір сайлауға келіспейтінін немесе үміткерлердің бәріне қарсы екенін заңды түрде білдіру құқығы кеңінен қалыптасқан. Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуға тиіс. Сондықтан, барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізген жөн. Бұл бастама азаматтардың сайлау құқығын қорғауға жағдай жасайды. Таңдауы жоқтығын ресми көрсетудің өзі таңдау емес пе?!» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қ.Тоқаев айтып өткен тағы бір мәселе – саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5%-ға төмендету. Мемлекет басшысының пайымдауынша осындай шешім қабылдайтын уақыт жеткен:
«Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5%-ға төмендетуіміз керек. Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді, өйткені аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады. Сондай-ақ, елдегі саяси бәсекенің дамуына септігін тигізеді. Бұл бастама мемлекеттік саясатты жүргізу үшін халықтың пікірін неғұрлым көбірек қамтып, ескеріп отыруға мүмкіндік береді»