Ресурстар

Былтыр автомобиль жолдары саласында 870 мемлекеттік қызмет көрсетілді

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызмет көрсеткен

Былтыр автомобиль жолдары саласында 870-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

2020 жылы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалдары «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 872 мемлекеттік қызмет көрсеткен.

Атап айтқанда, «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» бойынша 150 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Сондай-ақ, ұлттық компания халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына техникалық шарт беру аясында 463 қызмет көрсеткен.

Бұдан бөлек, кiрме жолдар мен халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру бойынша 259 қызмет көрсетілді.

Айта кетейік, Қазақстанда автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұлттық операторымен Электрондық үкіметтің веб-порталы (egov.kz және elicense.kz) арқылы электронды пішінде ұсынылуда.