Қарағанды облысы сары аймаққа енді

Жарияланды
Пандемия басталғаннан бері 12 782 коронавирустық инфекция жұқтыру жағдайы тіркелді

Қарағанды облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «сары аймақта» тұр. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

Облыс аумағында пандемия басталғаннан бері барлығы 12 782 коронавирустық инфекция жұқтыру жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 899,8 құрады. Сырқаттанушылар құрылымы бойынша жұқтырғандардың 54,9% – індет белгілері болған, белгілерінсіз вирус тасымалдаушылар – 45,1% құрады.

Қазіргі уақытта өңірдің эпидемиологиялық ахуалы күрделі деп бағаланып отыр, коронавирустық инфекция бойынша сырқаттанушылықтың күнделікті өсуі тіркелуде.

Аурудың өршуіне жол бермеу мақсатында облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысының талаптарының сақталуын қатаң қамтамасыз ету қажет және жеке қауіпсіздік шараларын, яғни бетперде тағу, адамдардың жаппай жиналатын орындарға бармау, қолды жиі жуу, антисептиктерді пайдалану сияқты қарапайым шараларды сақтауларыңыз қажет.

Сондай-ақ оқыңыз