Қарағанды қаласының аумағында жалған шот-фактураларды жазу бойынша заңсыз қызметпен айналысқан тұлғалар тобы әшкереленді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің ресми Telegram каналы хабарлады.
Аталған адамдардың 2016-2020 жж.аралығындағы қылмыстық іс-әрекетінен келтірілген жалпы залал көлемі 700 миллион теңгеден асады.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген тергеу барысында 7 адамнан тұратын топ жалған келісімшарттар жасау және шығындарды жасанды көбейту арқылы бюджетке салық төлеуден жалтару кезінде салық төлеушілер-контрагенттерге көмектесу мақсатында бақылауда ұстаған 13 кәсіпорын құрғаны анықталды.
7 күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат, 1 күдіктіге қатысты үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
30.12.2020 ж. қылмыстық іс бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды.