Қызылорда облысында індетті жұқтырғандардың көбі орта жастағы адамдар

Жарияланды
Індет айлық нәрестеден бастап 99 жас аралығындағы азаматтар арасында анықталған

Облыс бойынша тіркелген деректердің басым бөлігі, яғни 61,6%-і (2145) Қызылорда қаласының үлесінде. Коронавирустық инфекция бойынша барлық тіркелген жағдайлардың 2,4%-і сырттан тасымалданған, 57,7%-і скринингтік тексеру нәтижесінде анықталған болса, 39,9%-і қарым-қатынас арқылы жұқтырылған жағдайлар болып есепке алынды.  Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Оның ішінде жоғарғы көрсеткіш 20 жастан 69 жас аралығындағы адамдарда тіркелген. Дегенмен де, 70-79 жас шамасындағы азаматтар арасында да белсенділік байқалады.

Қызылорда облысы бойынша бүгінгі күні 2 176 ошақ анықталып, барлығына қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, індетке қарсы профилактикалық шаралар ұйымдастырылған. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы жергілікті емдеу-сауықтыру мекемелерімен 14 күнге медициналық бақылауға алынды.
 

Сондай-ақ оқыңыз