Ресурстар

Елімізде пойыз билеттері қымбаттайды

1 наурыздан бастап

Қазақстанда облысаралық және қала маңына қатынайтын барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билеттер қымбаттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылдың 1 наурызынан бастап теміржол билеттерінің  құны 7% қымбаттайды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдан 2020 жылға дейін 159 вагон сатып алған. Аталмыш вагондар мына бағыттарға қатынайтын жолаушы пойыздарының құрамында бар : Алматы-Маңғыстау, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш, Атырау-Нұр-Сұлтан, Атырау-Алматы, Нұр-Сұлтан-Арқалық, Атырау-Маңғыстау, Алматы-Жезқазған және Нұр-Сұлтан-Семей. Сонымен қатар, 1 тоқсанда 50 жаңа вагон жеткізіледі деп күтілуде.