Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина ең алдымен кімдерге егілетінін айтты. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
1 ақпанда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияны бастау жоспарлануда.
Коронавирустық инфекцияны жұқтыру және таралу қаупі жоғары медицина қызметкерлерін, педагогтерді, полицейлерді, сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесі, тыныс алу органдары, қант диабеті тарапынан созылмалы аурулары бар адамдарды, медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингентін қоса алғанда, халықтың осал топтары коронавирустық инфекцияға қарсы тегін вакцинациялауға жатады.
Жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина егу жоспарлануда.