Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырады

6 адам мерт болды

Бразилияның Порту-Насиунал қаласының маңында «Пальмас» бразилиялық төртінші дивизионның футболшылары мінген ұшақ апатқа ұшырады. Апат салдарынан 6 адам мерт болды. Бұл туралы Globo.com хабарлады.

Апат орнында түсірілген видеоны Twitter әлеуметтік желісінің қолданушылары жүктеген. Бейнежазбада ұшақ екіге бөлініп, кейін өртенгенін көруге болады. Ұшақ бортында «Пальмас» бразилиялық команданың 4 футболшысы, сондай-ақ клуб президенті Лукас Мейра мен ұшқыш болған.

Ұшақ әуеге көтеріле бергенде құлаған. Қақпашы Рануле (27 жас), қорғаушылар — Лукас Пракседес (28 жас), Гильерме Ноэ (28 лет), жартылай қорғаушы Маркус Молинари (23 жас), клуб президенті Лукас Мейра (32 жас) қайтыс болды.

 

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қазір оқуда