«ҚазАгро» Холдингінің жиынтық несие портфелі 1 трлн. теңгеден асты.Пандемия мен карантиндік шектеулер еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін қаржыланыру көлеміне әсер еткен жоқ. 2020 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазАгро «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ компаниялар тобының АӨК қаржыландыруының жалпы көлемі 445,7 млрд.теңгені құрады.
2020 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ АӨК субъектілерін 277,3 млрд теңгеге, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 105,3 млрд теңгеге қаржыландырды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несие көлемі 63,1 млрд теңгені құрады.
Несие алушылар саны 77 мыңнан 80 мыңға дейін өсіп, шағын фермерлер үшін қаржыландырудың қолжетімділігі артқанын байқауға болады. Несиелеудегі ШОБ үлесі 2018 жылғы 92% – дан 2020 жылы 95,3% – ға дейін өсім көрсетті.
Өткен жылдың қорытындысына сәйкес Холдингтің жиынтық несие портфелі 1 трлн.теңгеден асты (907 млрд. теңгеден 1 017 млрд. теңгеге дейін). Алды шоғырландырылған активтері жыл басынан бері 1 313 млрд. теңгеден 1 377 млрд. теңгеге дейін ұлғайған.
Инвестициялық жобалар портфелі 2021 жылдың 1 қаңтарына сәйкес жалпы сомасы 687 млрд теңге (қаржыландыру сомасы 512 млрд теңге) болатын 831 жобаны құрады. 25,6 мың тұрақты жұмыс орнын құрумен жалпы құны 571 млрд.теңгеге 762 жоба пайдалануға берілді, оның ішінде 2020 жылы 1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құрумен құны 86 млрд. теңгеге 57 жоба пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, былтыр Холдинг басқарудың жаңа тәсілдерін де енгізді. Бұл несие алуды жеңілдету және тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралар – Екінші деңгейлі банктерде АӨК саласына несие алушылар үшін кепілдік беру, сондай-ақ ерікті сақтандыру бағдарламасы да қолға алынды.
Сондай-ақ, 2020 жылы Холдинг трансформациялау бағдарламасы шеңберінде бизнес процестерді автоматтандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізді. Онлайн өтінім беру және «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша микронесиелерге өтінімді скоррингтік жүйемен өңдеу процесі оңтайландырылды және автоматтандырылды. Бұл дегеніңіз, әлеуетті қарыз алушының анықтамаларды жинауға міндеттеместен және Холдингтің еншілес ұйымдарының филиалдарына бармай-ақ, мамандардың өтінішті онлайн түрде қарастыруына мүмкіндік алды. Автоматтандыру есебінен «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде микрокредиттер бойынша алдын ала шешім қабылдау мерзімі 15 минутқа дейін қысқартылды, түпкілікті шешім қабылдаудың ең ұзақ мерзімі 15 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды.