Жаңалықтар

Вакцина салынар алдында қандай тексерулер болады

Вакцина организмнің иммундық реакциясын тудырады

Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында QazCovid-in-дің КВИ-ға қарсы белсенділігі жойылған вакцинасына клиникалық зерттеулердің III фазасын жүргізуге рұқсат берді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов хабарлады, деп жазды  coronavirus2020.kz хабарлады. 

11 қаңтар күні 3000 еріктіге екпе салынды. Қазіргі уақытта зерттеуге қатысушыларға динамикалық бақылау жүргізілуде.

Зерттеулер мен ақпараттың құпиялылығына байланысты зерттеу нәтижелерін әзірлеушілер зерттеу аяқталғаннан кейін ұсынады.

Вакцинациядан қорғаныс әсері бірінші дозаны енгізгеннен кейін 12 күннен кейін біліне бастайды, бірақ толық қорғауды қамтамасыз ету үшін екі доза қажет, оларды 19 күннен 23 күнге дейінгі аралықпен енгізу ұсынылады. Вакцина организмнің иммундық реакциясын тудырады.

Иммундық жүйе вирусты таниды және антиденелер пайда бола бастайды – аурумен күресу үшін пайда болатын ақуыздар, вирусты есте сақтап, егер вирус қайтадан денеге енсе, онда иммундық жүйе дереу әрекет етіп, оны жояды, оның көбеюіне және аурудың тудыруына жол бермейді.