Жаңалықтар

Елордада 31 қаңтарда қоғамдық көлік жүрмейді

Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі

31 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлар елордада жүрмейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы  әкімдігінің instagram парақшасында хабарланды.

Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Сонымен қатар, карантин талаптарының күшейтілуіне байланысты қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге тыйым салынған. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.

Дүйсенбіде барлық бағдарлар штаттық режимде қатынай бастайды.