Мәскеу соты Навальныйдың апелляциялық шағымын қабылдамады

Жарияланды
Ресейлік оппозиционер 15 ақпанға дейін қамауда болады

Мәскеудің облыстық соты оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың Химки сотының саясаткерді қамауға алу туралы шешіміне қарсы апелляциялық шағымын қабылдамады.Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Алексей Навальный  15 ақпанға дейін қамауда болады.

Ресейде 23 қаңтарда Навальныйдың босатылуын талап еткен ондаған мың адамның қатысуымен жаппай наразылық акциялары өтті.

Бүкіл елде болған акцияларда үш мыңнан астам адам ұсталды.

Навальный наразылық шаралары 31 қаңтарда жалғасатынын айтты.

 

Сондай-ақ оқыңыз