Франция Еуропалық Одаққа мүше емес барлық мемлекеттердің азаматтары үшін шекараларын жапты. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Ерекшеліктер тек құжатпен дәлелденген себептер болған жағдайда ғана жасалады. Ел ішінде карантиндік шаралар да күшейтілуде. Атап айтқанда, азық-түлік дүкендерін қоспағанда, ауданы 20 мың шаршы метрден асатын сауда орталықтары жабылады.
Полиция мен жандармерияға санитариялық ережелердің сақталуын бақылауды күшейту туралы бұйрық берілді.