Ресурстар

Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулықтар әзірленеді

Үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылады

Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулықтар әзірленеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулықтарды әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

    «Орта білім жүйесінде оқу жүктемесін азайту мәселелері қаралады. Үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылады. Президенттің тапсырмасына сәйкес математика, тілдер және информатика пәндеріне ерекше назар аударылады. Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулықтарды әзірлеу және енгізу үшін тиісті жұмыстарды бастадық», – деді министр.