Димаш Америкаға қоныс аудармақ

Жарияланды
Әлемге әйгілі әншінің АҚШ-та қанша уақыт тұратыны әзірге белгісіз

Бұл туралы Димаш Құдайберген америкалық MTV телеарнасының жүргізушісі Кеван Кенниге берген сұхбатында айтты. 

«Мен өз шығармашылығымды дамыту мақсатында біраз уақыт Америкада болуға бел будым. Себебі музыкамды ілгерілету үшін шоу-бизнестің қайнаған ортасында болуым керек. Бұл бағытта менің азды-көпті тәжірибем бар. Бұған дейін Қытайда үш жарым жыл тұрып, сол елде жұмыс істеген едім.Десе де, мен отбасыммен бірге, жақындарым тұратын жерде болуды қалаймын», – деді Димаш. 

Әнші осы ойын білдірген сұхбатты әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жүктегені сол еді, жанкүйерлерінің барлығы дерлік бастамасын қолдап, сәттілік тіледі. 
 

Сондай-ақ оқыңыз