Бұл туралы Димаш Құдайберген америкалық MTV телеарнасының жүргізушісі Кеван Кенниге берген сұхбатында айтты.
«Мен өз шығармашылығымды дамыту мақсатында біраз уақыт Америкада болуға бел будым. Себебі музыкамды ілгерілету үшін шоу-бизнестің қайнаған ортасында болуым керек. Бұл бағытта менің азды-көпті тәжірибем бар. Бұған дейін Қытайда үш жарым жыл тұрып, сол елде жұмыс істеген едім.Десе де, мен отбасыммен бірге, жақындарым тұратын жерде болуды қалаймын», – деді Димаш.
Әнші осы ойын білдірген сұхбатты әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жүктегені сол еді, жанкүйерлерінің барлығы дерлік бастамасын қолдап, сәттілік тіледі.