Елімізде халық санағы 1 қыркүйекте онлайн басталады

Жарияланды
1 ай бұрын басталады

Халық санағы бір ай бұрын басталады. Мұндай шешімді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен арнайы комиссияда қабылданды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Telegram арнасы хабарлады. 

Арнайы комиссия онлайн санақты 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастау туралы шешім қабылдады.
Ол 15 қазанына дейін sanaq.gov.kz сайтында жалғасады. Сайт тәулік бойы ашық болады. Азаматтар, қай жерде жүрсе де, өзі және отбасы үшін сауалнама беттерін толтырып, санаққа өз бетінше қатыса алады. 

Сондай-ақ оқыңыз