Ресурстар

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болып, бір турист қаза тапты

Алты саяхатшы Сержиха тауында қарда сырғанап жүрген

ШҚО-да қар көшкінінің жүруінен турист қаза болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Облыс орталығынан келген алты саяхатшы Риддер қаласында Үлбі өзенінің маңайындағы Сержиха тауында қарда сырғанап жүрген. Кенеттен таудан көшкін жүріп кетті. Демалушылардың бірін қар басып қалды.

    «Дереу көмекке ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылар тобы кинологиялық есеппен бірге Еврокоптер-145 тікұшағымен шықты, құрамында 5 адам бар екінші топ жол талғамайтын көлікпен Өскеменнен шықты, оған қоса Риддер қаласынан құтқарушылар мен 4 волонтер қарда жүргішпен қосымша жұмылдырылды», – деді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.  

16.23 сағатта тікұшақ күннің бұлтты болуы мен көзге түрткісіз түтек бораннан қонуына мәжбүр болды. Осы уақытта саяхатшылар байланысқа шығып және зардап шеккенге дейін жетіп, қар астында қалған 1979 жылы туған ер адамның денесін алып шыққанын хабарлады. Саяхатшылар тұрған орындарының нақты координаттарын беріп, ол жерге құтқарушылар мен волонтерлар қарда жүретін техникамен жетті. Таудан түсу қар жабынының биіктігімен, қараңғы түсумен, тік қия және төменгі ауа температурасы қиындатты. 

11 ақпанда 8 волонтер, 2 құтқарушы және 1 криминаллық полиция сарапшыдан тұратын топ, сонымен қатар 3 саяхатшы қаза болған адамның денесін түсіру үшін тауға кетті. 

ШҚО ТЖД құтқарушылары бірнеше күн қатарынан тұрғындарға алдын ала таудағы көшкін қаупі туралы ескерту жасаған. 

ҚР ТЖМ мынаны ескертеді: 
–    Қолайсыз ауа-райы, қар кезінде тауға шықпаңыз; 
–    Қатты жел және жылымық кезде; 
–    Тауда жүрген кезде ауа-райын қадағалаңыз; 
–    Тауға шыққан кезде баратын ауданды, көшкін жүруі ықтимал орындарды біліңіз. Ол көбінесе беткей еңісі 30°градустан асса жиі болады, егер де беткейде бұталар мен ағаштар болмаса – еңісі 20°. Беткей еңісі 45° асатын болса көшкін әр қар жауған сайын жүреді.