Ақын Шөмішбай Сариев өмірден өтті

Жарияланды
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 15 сәуірде 75 жасқа толар еді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын  Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды. 

Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы Арал ауданы Шөміш станциясында туған. Еңбек жолын Қазалы аудандық «Ленин туы», Арал аудандық «Толқын» газеттерінде бастады. Одан соң «Қазақстан» баспасының редакторы, «Жұлдыз» журналы бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми, аға ғылыми қызметкері болды. 

1971 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітіріп, 1996 жылы ғылым кандидаты атанды. Өмірінің соңына дейін М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды.

Көптеген шетелдік ақындардың шығармаларын қазақ тілінде сөйлетті. Ақынның жеке  жыр жинағы алғаш рет 1974 жылы жарық көрді. Қырық жылдан астам уақыт аралығында барлығы 15 еңбек қалың оқырманға жол тартты. 

Қазақ халқына тыңдарманның жүрегінен орын тапқан белгілі әндерге сөз жазды. «Ғашықтар жыры», «Бозжорға», «Өмір-өзен», «Сол бір кеш» және тағы басқа өшпес туындылар елге етене таныс. 

2003 жылы Фр.Кафка атындағы халықаралық сыйлықты, 2004 жылы «Тарлан» сыйлығын иеленген болатын. 

Сондай-ақ оқыңыз