Американдық NBC медиа компаниясының хабарлауынша, Орегон штатында екі дозада вакцина алған кем дегенде төрт адам КВИ жұқтырған. Адамдарда SARS-CoV-2-ге оң тест вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін 14 күннен кейін анықталған. Төртеуі де симптомсыз немесе жеңіл түрімен ауырған. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Француздық Sanofi фармацевтикалық концернінің жетекшісі американдық Translate Bio компаниясымен бірлесіп жасап жатқан COVID-19 қарсы вакцина биыл нарыққа шығарылмайтынын мәлімдеді. Бұған дейін Sanofi вакцина 2021 жылдың екінші жартысында қолдануға рұқсат алады деп жоспарланған.
Оксфорд университеті 6 мен 17 жас аралығындағы балаларға AstraZeneca вакцинасын сынақтан өткізетінін хабарлады. Алдыңғы сынақтар оның ересектерге қауіпсіз екендігін көрсетті. Зерттеуге 300 астам ерікті қатысады, олардың 240-ы вакцина алады. Алғашқы екпелер ақпан айында жасалады деп жоспарлануда.
Иран коронавирустың төртінші толқынымен бетпе-бет келуі мүмкін, президент Хасан Рухани: «Біз төртінші толқынның алғашқы белгілерін көріп отырмыз. Бұл дегеніміз бәріміз қырағылық танытып, осы апаттың алдын алуымыз керек» деді. Сонымен қатар, елдің оңтүстік-батысындағы бірқатар қалаларда коронавирустық инфекцияның жедел таралуы байқалғанын айтты.
Көптеген елдердің ғалымдары The Lancet ғылыми журналында жарияланған ашық хатында «вакцинаның ұлтшылдығын» сынға алып, коронавирустық вакцина әділ таратылмаса, жақын арада аяқталмайтын пандемия туындауы қаупі бар екенін ескертеді. Ауқатты мемлекеттерде препараттардың көп шоғырлануы пандемияны ұзартады, деп қол қойған ғалымдар. Бүгінгі таңда әлем халқының шамамен 16 пайызын мекендейтін ауқатты мемлекеттер вакцина қорының 70 пайызына ие.