Жаңалықтар

Каппадокиядағы әйгілі әуе шарымен ұшу уақытша тоқтатылды

Шешім ауа-райының қолайсыздығына байланысты қабылданды

Түркия тұрғындары мен қонақтары арасында танымал Каппадокиядағы әуе шарымен ұшу  қалың қар мен ауа-райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылды. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Каппадокия ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. Гереме ашық аспан астындағы мұражай, Учхисар және Ортахисар құлыптары, Пашабаглара аңғарындағы тастар, Деринкую мен Каймаклы жерасты қалалары туристер арасында өте танымал.

Анадолыдағы әуе шарларын басқаратын компаниялар қауымдастығының (ASBID) басшысы Тевфик Олмез Anadolu агенттігіне әуе шарларымен ұшу 19 ақпанға дейін тоқтатылғанын айтты.

 «Каппадокиядағы әуе шарлары арқылы ұшу жылына орта есеппен 300 күнде ұйымдастырылады. Атап айтқанда, қысқы маусымда жел, тұман немесе қатты жаңбыр салдарынан ұшу тоқтатылуы мүмкін »,-деді Олмез.