Ресурстар

Алматының ірі алты азық-түлік базарларында әлеуметтік дүкендер ашылды

Қалалық бюджеттен 7 млрд теңге бөлінді

Алматының ірі алты азық-түлік базарларында әлеуметтік дүкендер ашылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматының сауда нысандарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 18 түрінің бағасы белгіленген.

Бақытжан Сағынтаев халықпен онлайн форматтағы есептік кездесуде тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында 1308 нөмірлі бірыңғай арна жұмыс істеді. Тұрғындар азық-түлік бағалары бойынша сұрақтар қойды.

Қаланың басты бірі – шаһардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру. Алматыда сұранысы жоғары азық-түлік түрлерінің (қарақұмық жармасы, кеспе түрлері, күнбағыс майы, күріш жармасы, қант, айран, май, сүт, сүзбе, тауық еті, әлеуметтік нан) бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданды.

Өткен жылдың күрделі кезеңіне қарамастан, қалалық бюджеттен 7 млрд теңге бөлініп, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қоры жасалды.

   «Өткен жылы біз бюджеттен 7 млрд теңге бөліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорын құрдық. Алматыда сауда нысандарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бекітілген тізбесінің 19 түрінің 18 түрінің құны сараланды. Қазақстан бойынша ең төменгі баға бізде. Егер біз бұл жұмысты жүргізбегенде, баға одан әрі шарықтаған болар еді», – деді әкім.

Ол жұмыртқа бағасына қатысты қойылған сұраққа Алматыда ғана емес жалпы Қазақстанда, тіпті БАҚ мәліметтері бойынша Ресейде де жұмыртқа бағасының өсіп кеткенін айтты. Сарапшылардың пікірінше, бұл бағалардың маусымдық өсуі, өйткені құс азығы, дәнді және майлы дақылдардың қымбаттаған әрі бірқатар құс фабрикаларында өнім төмендеген.

Бұлардан өзге, Алматыда қаланың алты ірі азық-түлік базарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін белгіленген бағамен сату үшін әлеуметтік дүкендердің ашылғанын атап өту маңызды. Әлеуметтік дүкендердегі азық-түлік бағасы нарықтағы орташа деңгейден 20-30% төмен.

Базарлардың мекенжайлары:
– Көкбазар, Жібек Жолы 53;
– Тастақ, Төлеби, 266
– Алматы -1, Шолохов көшесі 2ү/1
– Таусамалы, Таусамалы – 1
– Жаңа Ақбұлақ, Розыбакиев көшесі 33/1
– Сарыарқа, 4 ықш., 27 б

Бағалардың өзгеруін қаланың азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі www.almatyazyk.kz веб-сайтынан бақылауға болады.

2021 жылдың 16 ақпанынан 2021 жылдың 2 наурыз аралығына белгіленген бағалар:
№ Өнімнің атауы; Бағасы (тг/кг/л)
1) Картоп – 150 тг
2) Сәбіз – 145 тг
3) Пияз – 85 тг
4) Қырыққабат – 75 тг
5) Қант – 249 тг
6) Қарақұмық жармасы – 349 тг
7) Күнбағыс майы (№1 Майзауыты) – 655 тг
Күнбағыс майы (Майское) – 573 тг
8) Күріш жармасы (Лидер, Камолино) – 275 тг
9) Өлшемді кеспе түрлері – 199 тг
10) 1 сұрыпты бидай ұны (Ақсарай 2 кг) – 409 тг