БАӘ мен Түркияға рейстер саны артты

Жарияланды
SCAT авиакомпаниясына аптасына 8 рейс орындауға рұқсат етілді

БАӘ мен Түркияға рейстер саны артты. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес республика аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша Қазақстан «SCAT» авиакомпаниясының аптасына 8 рейс орындауға рұқсат етіледі.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан Рас-эль-Хайм қаласына (БАӘ), Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды жолаушыларын COVID-19 теріс ПТР-тестпен 100% қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған шешімге сәйкес түрік авиатасымалдаушыларға Алматы мен Анталия қалалары арасындағы 2 қосымша рейстер орындауға рұқсат етілген.

Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды сақтау  және авиакомпаниялар сайттарында жарияланған кестеге сәйкес қатаң орындалатын болады.

Сондай-ақ оқыңыз