Қазақстанда қандай өнімдер қымбаттады

Жарияланды
2021 жылғы қаңтарда инфляция 0,6% құрады

Қаңтарда жүргізілген сауалнаманың нәтижелері бойынша, халықтың инфляциялық күтулері төмендеді. Инфляциялық күтулердің бір жыл алға сандық бағасы 6,7%-ды құрады (2020 жылы желтоқсанда – 7,6%). Бұл туралы Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.

Келесі 12 ай ішінде бағаның ағымдағы өсу қарқынының сақталуын не бағаның неғұрлым жылдам өсуін күтетін респонденттердің үлесі 43%-ға дейін (2020 жылғы желтоқсанда – 50%) төмендеді.

Респонденттердің 91%-ы азық-түлік бағасының тез өскенін сөз етті (2020 жылы желтоқсанда – 88%). Атап айтқанда, жеміс-жидек пен көкөністің (21%-дан 27%-ға) және жұмыртқаның (13%-дан 25% -ға дейін) қымбаттағанын айтқан респонденттердің қатары көп болды.

Қант (18%), өсімдік майы (35%), нан-тоқаш өнімдері (26%) бағаларының өскенін атап өткен респонденттер саны сәл азайды, бірақ соңғы айларда айтарлықтай басым боп қалуда.

 

Сондай-ақ оқыңыз