Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзартылды

Жарияланды
Толығырақ адвокаты айтты

Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үйқамақ мерзімін тағы бір айға – наурыздың соңына дейін ұзартты. Бұл туралы Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко айтты.

20 қаңтарда Куряченко, Біртановты қамауға алу төрт айға дейін ұзартылды деп хабарлады – бұл мерзім ақпанның соңына дейін болды.

   «Тергеу үйқамақ мерзімін 12 ақпанында ұзартуды сұрады, сот наурыздың соңына дейін ұзартты», – деп айтты Куряченко 22 ақпанда «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне.

Экс-министрдің адвокаты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біртановты заңсыз қудалау ісін реттеуге өтініш жазғанын» да айтты.

Сондай-ақ оқыңыз