Тұрғын үй кешенінің көлік тұрағында той ұйымдастырғандар анықталды

Жарияланды 23 Ақпан 2021 01:30

Гульвира Бигалиева

Гульвира Бигалиева

Редактор

Ақтауда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жергілікті пабликтердің бірінде жарияланған тұрғын үй кешенінің көлік тұрағында өткізілген тойдың бейнежазбасы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Ақтау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде «Той на парковке» деген тақырыппен жарияланған бейнежазбаны анықтады. 

Тексеру барысында беташар тойдың 35-шағын ауданда орналасқан «Сабыр» тұрғын үй кешенінің тұрағында ұйымдастырылғаны белгілі болды. Учаскелік инспекторлар тойдың барлық қатысушыларын анықтады.

Жинақталған материалдар шара қабылдау үшін мүдделі органға жолданды.
 

Сондай-ақ оқыңыз