Ақтауда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жергілікті пабликтердің бірінде жарияланған тұрғын үй кешенінің көлік тұрағында өткізілген тойдың бейнежазбасы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Ақтау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде «Той на парковке» деген тақырыппен жарияланған бейнежазбаны анықтады.
Тексеру барысында беташар тойдың 35-шағын ауданда орналасқан «Сабыр» тұрғын үй кешенінің тұрағында ұйымдастырылғаны белгілі болды. Учаскелік инспекторлар тойдың барлық қатысушыларын анықтады.
Жинақталған материалдар шара қабылдау үшін мүдделі органға жолданды.