Фармацевтикаға салынған инвестиция 15,3 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл өсімге 2020 жылы «Қарағанды фармацевтикалық кешенінде» 4 жаңа препарат (интербетин, ревекард, глюцеризам, инсулин шларгин) өндірісінің, сондай-ақ, медициналық бұйымдар өндірісі бойынша 10 жобаның – QamqorTech, «Доктор Хаус» ЖШС, «Болашақ 2019» ЖШС, «Dolce» ЖШС және басқаларының іске қосылуы арқасында қол жеткізілді.