Ресурстар

Қазақстанда сот орындаушыларының қандай шоттардан ақша алуға құқығы жоқ?

Арнайы шот дегеніміз не?

Қазақстанда сот орындаушыларының қандай шоттардан ақша алуға құқығы жоқ? Бұл сұраққа fingramota.kz сайты жауап берді.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, банктер «арнайы» шоттардағы ақшаны қоспағанда, төлем талабын қою арқылы қарыз алушының ағымдағы шоттарындағы ақшасына даусыз (акцептсіз) тәртіппен өндіріп алуға құқылы.

Арнайы шот – бұл «қол сұғылмайтын» банктік шот, оның қаражаты қарыз алушыда қарыз бойынша мерзімі өткен берешегі болса да, үшінші тұлғалардың өндіріп алуынан толық көлемде қорғалған.

    ҚР қолданыстағы заңнамасында 2019 жылдан бастап:

*жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуге;

*кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға берілетін алименттерге;

*азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинақтары төлемдеріне;

*білім беру жинақтау салымдарына арналған шоттардан ақша алуға тыйым көзделген.

Заңнамаға сәйкес арнайы шоттағы ақшаға тыйым салуға, банктер мен банктік емес ұйымдардың төлем талаптары бойынша, сот орындаушыларының инкассолық өкімдері бойынша өндіріп алуға жол берілмейді.

Арнайы шоттарға жоғарыда көрсетілген төлемдер ғана есептелуі мүмкін екенін атап өткен жөн, ал банктер төлем мақсатының тиісті коды және ақша жөнелтуші бойынша осындай шоттарға ақшаның түсуіне бақылау жасайды.