ЖОО-лар бұзушылықтарды анықтауды болдырмау үшін түрлі әрекетке барады. Бұл туралы БҒМ Telegram каналы хабарлады.
Мысалы:
*білім туралы құжаттарды нострификациялаудың болмауына байланысты шетелдік студенттерді жаппай оқудан шығару. Университет бір бұйрықпен 800-ге жуық студентті оқудан шығарып, тексеру аяқталғаннан кейін қайта қабылдаған;
*өзге оқу орындарында жұмыс істейтін оқытушылардың құжаттарын ұсыну. Кейбір оқытушылар басқа университеттерде жұмысқа тіркелгендерін өздері де білмеген мысалдар бар. Яғни, тексеру алдында университеттер оларды құжат жүзінде жұмысқа қабылдап, кейін жұмыстан шығарған;
*жұмысқа орналастыру көрсеткішін белгіленген талаптарға сәйкестендіру үшін жоо-лар Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа түлектердің атынан ең төменгі төлем енгізген;
*Тексеру қарсаңында жоо-ның кітапхана қорын толықтырған және т.б.
Университеттер жиі жіберетін бұзушылықтар:
*білім алушыларға пәндерді таңдауға мүмкіндік берілмеу;
*көптеген университеттердің магистратура мен докторантураға лицензия алып, ғылыми жобаларды жүзеге асырмауы;
* магистранттар мен докторанттарды педагогикалық және зерттеу практикасының базаларымен барлығы бірдей қамтамасыз етпеуі;
*жеке нормативтік құжаттарды формалды әзірлеу;
*оқу орнының материалдық-техникалық базасын жақсартуға көңіл бөлмеу және т.б.