2021 жылғы 24 ақпаннан бастап Қазақстан Түркістаннан Ыстамбұлға халықаралық рейстер ашады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
Қазақстандық әуе компаниялары («Эйр Астана» және SCAT) бұл бағытта аптасына төрт рейс орындайды. Тиісті шешім эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне байланысты қабылданды.
Аталған шешімге сәйкес, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Украинаға келесі бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайтуға рұқсат етілді:
Алматы-Ташкент-Алматы: аптасына 4-тен 8 рейске дейін («Эйр Астана» мен Uzbekistan Airways 2 рейсі қосылады);
Алматы-Бішкек-Алматы: аптасына 3-тен 5 рейске дейін («Эйр Астана» 2 рейсі қосылады);
Алматы-Киев-Алматы: аптасына 1-ден 2 рейске дейін («Эйр Астана»1 рейсі қосылады).
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.