Жаңа Зеландияда Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды

Жарияланды
Елдің ең ірі қаласы - Оклендте

Қазақстанның Сингапурдағы және Аустралия мен Жаңа Зеландиядағы қызметін қоса атқарушы Елшісі Аркен Арыстанов Жаңа Зеландияның ең ірі қаласы – Оклендте Қазақстанның Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсіміне онлайн режимде қатысты. Құрметті консул болып Beesley Investments Limited консалтингтік компаниясының директоры Брайан Эшли Джонсон тағайындалды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Б.Джонсон мырза көптеген жылдар бойы қазақстандық-жаңа зеландиялық өзара іс-қимылды кеңейтуге жәрдемдеседі, атап айтқанда, Алматы Регби клубымен ынтымақтасады, сондай-ақ Жаңа Зеландиядағы Қазақстан азаматтарына белсенді түрде жәрдем көрсетеді. Сонымен бірге, ол Жаңа Зеландиядағы Бейбітшілік судьясы (Justice of the peace) болып табылады.

Кездесуге Қазақстанның Аустралиядағы Бас консулы Марат Қалижанов және құрметті консулдары Эндрю Фернихоу (Мельбурн қ.) және Джейсон Стирбинскис (Перт қ.) қатысты.

А.Арыстанов 2021 жыл үлкен датамен – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келгенін және Қазақстанның Жаңа Зеландия және Аустралиямен екіжақты қарым-қатынастарын ілгерілетуде белсенді жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.
 

Сондай-ақ оқыңыз