Ресурстар

Дубайдан келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

23 халықаралық әуе рейсі келді

Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 23 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

3 210 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 481 адам, анықтамасыз 729 ҚР азаматтары келді. 
 
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 033 жолаушы, анықтамамен – 1 693, анықтамасыз – 340; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 177 жолаушы, анықтамамен – 788; анықтамасыз – 389. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 27 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген 473 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.