Жаңалықтар

Нигериядағы ласса безгегі 22 адамның өмірін қиды

Елдің жеті штатында 102 жағдай тіркелді

Нигериядағы ласса безгегі биыл қаңтардың басынан бері 22 адамның өмірін қиды. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Нигериядағы ауруларды бақылау орталығының мәліметі бойынша Эдо, Ондо, Эбоний, Насарава, Энугу, Тараба және Баучи штаттарында 102 жағдай анықталды.

Ласса безгегі 1969 жылы Нигерияда алғаш рет елдің солтүстік-шығысындағы Борно штатында табылған.
Ласса безгегіне байланысты Нигерия үкіметі өткен жылы төтенше жағдай жариялады.

Ласса безгегі егеуқұйрықтар мен тышқандардың нәжісімен байланыста болады.

Бұл қауіпті ауру адамнан адамға жұғу қабілетіне ие және өлімге әкелуі мүмкін.

Ел билігі тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға, гигиеналық нормаларды сақтауға және кеміргіштермен байланысқа түспеуге шақырды.