2021 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысына сәйкес, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақтануына байланысты, жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып білім алушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қай оқу пәндерінің штаттық немесе қашықтан оқыту форматтарында жүргізілуін және оқу сағаттарының санын анықтауды мектептер дербес шешеді.
Тек ерекше жағдайларда, ауырғанда немесе науқастармен қарым-қатынас жағдайларында ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтан форматында оқытуға қалдыруға рұқсат етіледі.
Оқушыларға мектепке міндетті мектеп формасында емес, еркін, ұқыпты киімде болуға рұқсат етіледі.