Алматының 450 білім беру мекемесі бұлтты бухгалтерияға ауыстырылады
Алматының 450-ден астам білім беру мекемесі бұлтты бухгалтерияға ауыстырылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР БҒМ 2020 жылғы 2 наурыздағы шешіміне сәйкес SaaS моделі бойынша бухгалтерияны орталықтандырылған бұлтты шешімге ауыстыру қажет. Аталған бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай айтып берді.
Қазіргі уақытта Алматы әкімдігі білім беру ұйымдарында қаржылық-шаруашылық қызметті ашық жүргізу үшін бұлтты бухгалтерияны енгізуді жоспарлап отыр.
Анықтама. 451 мемлекеттік білім беру ұйымдары, оның ішінде:
– 189 балабақша (17-ММ, 172-КМҚК);
– 207 мектеп;
– 14 интернат;
– 22 колледж;
– 17 мектептен тыс ұйымдар;
– басқалар 2.
Бірінші кезең-240 білім беру ұйымдарында (мемлекеттік мекемелер) қолданыстағы бухгалтерлік есепті бұлтты бухгалтерияға көшіру.
Екінші кезең-211 білім беру ұйымдарында (коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын) қолданыстағы бухгалтерлік есепті бұлтты бухгалтерияға көшіру.
Бұлтты бухгалтерлік есеп-бұл қашықтағы серверде орналасқан және интернет арқылы жұмыс істеуге арналған бухгалтерлік бағдарламалар жиынтығы. Серверлер «Қазақтелеком» АҚ-ның дата-орталықтарында орналасқан. Бұлтты бухгалтерлік есеп қызметкерлер үшін автоматтандырылған жұмыс орны болғандықтан, пайдаланушыға толық жұмыс істеу үшін тек компьютер және Интернетке тұрақты қол жетімділік қажет.
Күтілетін нәтиже:
Есептердің дұрыс толтырылуын автоматты түрде тексеру (формаішілік және формааралық тексерулер);
Шоғырландырылған көрсеткіштерді жою;
Қаржылық есептілікті автоматты түрде шоғырландыру;
Алынған шоғырландырылған көрсеткіштердің шифрын ашу.
Бұлтты бухгалтерия аясында enbek.kz-те электронды кадрлар есебін енгізу, педагог кадрлардың өтілін анықтау, жалақыны есептеудің ашықтығы және т.б. жоспарлануда. Бухгалтерлік есептің барлық тарихи деректері сақталады және үлгілік конфигурацияға көшіріледі.
Айта кету керек, бұл шешімді қолданған кезде адамдарды автоматты талдау жүйелеріне ауыстыру туралы сөз болып отырған жоқ. Барлық қатысушылар (мектеп директоры, оқу меңгерушісі, кадрлар жөніндегі жауапты қызметкер, бухгалтер) жұмыс орнына немесе нақты компьютерге байланбай қашықтан қол жеткізе алады. Бұлтты бухгалтерияны енгізу есебінен жұмыс орындарын қысқарту көзделмейді, негізгі мақсат басқармалар алдында да, жоғары тұрған органдар алдында да есеп пен есеп беру ашықтығын арттыру болып табылады.