Ресурстар

Елордада коронавирус қаңтар айымен салыстырғанда 34%-ға төмендеді

Қабылданған шектеу және эпидемияға қарсы шаралардың арқасында

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова ел астанасындағы эпидемиологиялық жағдай туралы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

   «Қабылданған шектеу және эпидемияға қарсы шаралардың арқасында қалада COVID-19 ауруы қаңтар айымен салыстырғанда мамамен 34%-ға төмендеді. Қазіргі уақытта қалада эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша матрицаға сәйкес апталық қарқынды көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда – 53,96. Нұр-Сұлтан қаласы «сары аймақта» тұр.», – дейді Сархат Бейсенова.

Қалада барлық жастағы және контингенттер арасында CОVІD-19 жағдайларын тіркеу жалғасуда. Биыл барлығы 6707 зертханалық расталған CОVІD-19 жағдайы тіркелді және 85 клиникалық-эпидемиологиялық расталған CОVІD-19 жағдайы ПТР-тестінің теріс нәтижесімен тіркелді.

    «Тәулігіне 68 инфекция жағдайы тіркелді, оның ішінде 37 симптоматикалық жағдай, 31 симптомсыз түрі. Сол сияқты 73 ошақ анықталды, оның ішінде: 54 үй, 19 ұйым. Сонымен қатар симптомдары бар науқастардың үлесі қаңтар айындағы 65,2%-дан ақпан айында 68,09%-ға дейін өсуі байқалады, атап айтқанда, 50 жастан асқан адамдар арасында симптомдармен сырқаттану 3,5%-ға өсті», – деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

«Жұмыс істейтіндер жұқтыруға неғұрлым бейім болып саналады, олар жалпы сырқаттанушылықтың 48%-ын алады, бұл ұжымдарда эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталмайтындығын куәландырады. Қазіргі уақытта тіркелген 857 үй ошағы бар, онда 2161 қарым қатынаста болғандар медициналық бақылауда. Ал 2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша оқу жылының басынан бастап оқушылар арасында КВИ-дің 1103 жағдайы тіркелді, оның ішінде кезекші сынып оқушылары арасында 263 немесе 23,8%, қашықтан оқыту бойынша оқушылар арасында 840 жағдай, яғни 76,2% құрайды», – деді ол.

Ол өз сөзінде қалада 1 ақпаннан бастап медицина қызметкерлерін, 1 наурыздан бастап педагогтар мен күш құрылымдарының қызметкерлерін вакцинациялау басталғанын айтып өтті. Қазіргі уақытта 1 компонентпен 2241 адам, 2 компонентпен – 824 адам қамтылған.