Ресурстар

Қағаз түріндегі мемлекеттік қызметтер саны 2,5 есеге қысқарды

ИИДМ-де қызметтің 96% электрондық түрде көрсетеді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде қағаз күйінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 2,5 есеге қысқарды. Бұл туралы Министрліктің алқа отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова айтты, деп ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылы Министрлік 271 506 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде 264 886-сы электрондық түрде немесе 97,5% көрсетілді. 2019 жылмен салыстырғанда қағаз түріндегі қызметтер саны 2,5 есеге, атап айтқанда 16 мыңнан 6 мыңға дейін қысқарды.

Qazindustry порталында іске қосылған 11 мемлекеттік қызметті автоматтандыру бойынша техникалық жұмыстар (азаматтық авиация, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, жер қойнауын пайдалану, индустриялық даму салаларында), сондай-ақ 5 мемлекеттік қолдау шарасы аяқталды.

Нәтижесінде Министрлік мемлекеттік қызметтердің 96% (116-дан 112) электрондық түрде көрсетеді.